Джо Байден Джохар Царнаевтың сот үкімін жеңілдеткен жоқ
АҚШ Президенті Джо Байден өлім жазасына кесілген 40 сотталушының 37-сінің жазасын жеңілдетті.
Олар өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Барлығы кісі өлімі үшін сотталған. Енді АҚШ түрмелерінде өлім жазасын күтіп отырған тек 3 адам ғана қалды. Олар лаңкестік пен жаппай кісі өлімі үшін айыпты деп танылған. Солардың бірі 2013 жылы Бостон марафоны кезінде теракт ұйымдастыран Джохар Царнаев. Ол 2015 жылы өлім жазасына кесілген. Кейін аппеляциялық сотта шешім кері қайтарылғанымен артынша АҚШ-тың Жоғарғы соты өлім жазасын қайта күшінде қалдырды. Царнаевтың ісі бойынша екі қазақстандық та бас бостандығынан айырылған еді. 2021 жылы АҚШ-та федералдық деңгейде кісі өліміне мораторий жарияланған еді. Бірақ бір айдан кейін өз қызметіне кірісетін Дональд Трамп мораторийді алып тастаймын деп отыр.