Жаңа жылда Анталияда демалыс 30% қымбаттады
Жаңа жыл қарсаңында Анталиядағы демалыс орындарындағы баға 30%-ке қымбаттады.
Десе де жергілікті және шетелдік туристер үшін бұл кедергі емес. Қазірдің өзінде курорттық мекенге жолдама алғандар саны былтырмен салыстырғанда 20%-ке артқан. Бір күнде Анталия әуежайына шамамен 20 мың шетелдік табан тірейді. Оның тең жартысы Германиядан. Мұның басты себебі рождества мен жаңа жылды біріктіріп тойлағысы келетін христиан діні өкілдері Ақтеңіз жағалауын таңдайды. Ал Батыс және Ресейлік туристер үшін Ақтеңіз жағалауындағы 6 күндік жолдама өз елдеріндегі 4 күндік демалыстан да арзан түседі. Жалпы Анталияда 10 жылда 112 млн шетелдік турист демалған. Оның 5,5 млн-ны шетелде өмір сүретін түрік азаматтары.