Honda мен Nissan 2026 жылға дейін бірігуге ниетті
Honda мен Nissan 2026 жылдың тамызына дейін ортақ бір компанияға бірігуге ниетті. Жапондық автоөндірушілер ресми түрде келіссөздер туралы жария етті.
Олар сұраныстың төмендеп бара жатқанын айтады. Сондықтан бірігіп қытайлық электромобильдер тарапынан бәсекеге төтеп береміз деп отыр. Сөйтіп ортақ компания сатылымдар бойынша әлемдік нарықта үшінші орынға шығуға ниетті. Жапония экспортының бестен бірі автомобиль өнеркәсібінің үлесіне тиесілі. Салада жұмысқа қабілетті тұрғындардың 8%-і еңбек етеді.
Мибе Тосихиро, Honda бас директоры:
- Екі компания басшылығы жаһандық автомобиль өнеркәсібінде болып жатқан өзгерістерді байқап отыр. Жасанды интеллекттің маңызы артып келе жатқанын да жақсы түсінеді. Сол үшін де бірігу шешімін қабылдадық. Сондай қадамдардың арқасында сатылым көлемін 30 трлн иенадан асыруға ниеттіміз.