Вьетнамда алғашқы метро ашылды

Вьетнамда 12 жыл дегенде ең алғашқы метро іске қосылды. Ол елдің оңтүстігіндегі Хошимин қаласының орталығы мен шетіндегі аудандар арасында қатынайды.

Жоба Жапония Үкіметінің қаржылай қолдауымен сонау 2007 жылы мақұлданған. Құрылыс жұмыстары 2012 жылы басталып, жоспардан талай рет кешіккен. Алғашында оған 668 млн доллар құйылады деп есептелген. Алайда құрылыстың ұзаққа созылып кетуіне байланысты жоба екі есе қымбат болып шықты. Билік енді көлік кептелісі мен ауаның ластануы мәселесі біраз жеңілдейді деп үміттеніп отыр. Алғашқы бір ай бойы метромен қатынау тегін болады.  

Хюйн Бхибе, жолаушы:

- Менің тағы бір немерем бар. Кішкентай кезінде оған құрылысы бітсін, сосын екеуіміз метромен жүреміз деп едім. Оның ұзаққа созылатынын кім білген? Сол немерем қазір университетте оқиды.