Албанияда ТikТok бір жылға бұғатталады
Албания билігі ТикТокты қолдануға бір жылға тыйым салды. Тиісті шешім келер жылдың басында күшіне енеді.
Бұл мектептегі қауіпсіздікті күшейту үшін жасалып отыр. Тиісті шешім жақында 14 жастағы оқушының қазасынан кейін қабылданған. Оны әлеуметтік желідегі даудан кейін сыныптасы өлтірген. Осыдан кейін ТикТокта бұл шабуылды қолдаған жеткіншектер қатары көбейген. Бірақ қытайлық қосымша өкілдері, зорлық-зомбылыққа әкеп соқтыруы мүмкін бейнежазбалар басқа әлеуметтік желіде жария етілгенін айтады. Жергілікті жастардың көбі биліктің шешімін қолдамай отыр.
Самуэль Сулмани, Решени қаласының тұрғыны:
- Мен және достарым бұл шешіммен келіспейміз. ТикТок дауға себеп болады деген өтірік. Біз бұл қосымша арқылы көңіл көтереміз.