Газада Израиль шабуылынан 1 күнде 58 адам құрбан болды
Газа секторында Израиль шабуылынан 1 күнде 58 адам қаза тапты. Құрбандардың көбі – балалар мен әйелдер.
Бір әуе соққысы босқындар лагеріне жасалды. Израиль билігі: «ХАМАС-тың әскери инфрақұрылымын, қару-жарақ және зымыран қоймаларын шабуылдадық», - дейді.
Ал Қатарда Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісім бойынша келіссөз жалғасып жатыр деген ақпарат шықты. Бұл туралы Израиль басылымдары хабарлаған. ХАМАС қозғалысы кездесу кезінде кейбір тұтқындардың әлі күнге тірі екеніне дәлел ұсынған. Израиль аман отырған тұтқындардың толық тізімін сұрап отыр.