Ливанның оңтүстігіне жасалған шабуылдан екі адам қаза тапты

Ливанның оңтүстігіндегі Эт-Тайбе қаласына әуе шабуылы жасалып, екі бейбіт тұрғын қаза тапты. Тағы бір адам жарақат алды.

Бәрі соққы жасалған мектептің маңында жүрген. Бұл туралы «Әл-Манар» басылымы хабарлады. Әзірге еврей армиясы осы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Израиль мен "Хезболла" арасында бейбіт келісім жасалғанына қарамастан, Израиль тарапы оны бұзып келеді. Түркияның "Анадолы" басылымы еврей әскері оны 250 рет бұзғанын жазады. Салдарынан 30-дан астам адам қаза тапқан. БҰҰ-ның Уақытша күштері Израиль басшылығын Ливан аумағынан әскерін тезірек әкетуге шақырды.