Израиль Тегеранда ХАМАС басшысын қасақана өлтіргенін мойындады
Израиль билігі Тегеранда ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияны қасақана өлтіргенін алғаш рет ресми түрде мәлімдеді.
Мұны Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац жеткізді. Енді ол Йемендегі хуситтерді атқылауға және басшыларын ХАМАС пен «Хезболланың» жетекшілерінің көзін жойғандай өлтіруді бұйырып отыр. Исмаил Хания 31 шілдеде Тегеранда Иран президентін ұлықтау рәсіміне барғанда өлтірілген. Израиль ол кезде «қатысымыз жоқ» деген еді.
Израиль Исраэль Кац, Израиль Қорғаныс министрі:
- Біз ХАМАС-ты жеңдік, біз «Хезболланы» жеңдік, Иранның қорғаныс жүйесін қапыда қалдырдық, инфрақұрылымын талқандадық, біз Сириядағы Асад режимін төңкеріп тастадық. Енді қазір Израильді шабуылдап жатқан Йемендегі хуситтердің де көзін жоямыз.