FT: АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады
АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады. Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп 20 қаңтардағы ұлықтау рәсімінен кейін бірінші күні-ақ осындай жарлыққа қол қоймақ.
Қазір Трамп командасы аталған ұйымнан шығуға белсенді түрде дайындалып жатыр. Бұл туралы британиялық The Financial Times басылымы хабарлады. АҚШ былтыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы қаржының 16 пайызын берген. Трамп 2020 жылы ұйымнан шыға бастаған еді. Бірақ үлгере алмады. 2021 жылы Байден бәрін қалпына келтірді. Трамп «ұйым Қытайдың ықпалында» деп айыптаған.