Францияда бір жылда төртінші Үкімет құрылды
Францияда жаңа Үкімет құрылды. Бұл бір жыл ішінде жасақталған төртінші министрлер кабинеті.
Жаңа құрамда 35 министр бар. Үкіметтің алғашқы отырысы 3 қаңтарға өтуге тиіс. Жаңа премьер-министр Франсуа Байру 10 күн бұрын тағайындалған еді. Жаңа құрамда Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер министрлері орындарын сақтап қалған. Енді премьер-министр Франсуа Байру 2025 жылға арналған бюджет туралы заң жобасын қабылдау жұмысын тез арада бастап кетуі керек. Бұл құжатты парламент кері қайтарып, бұрынғы үкімет басшысы Мишель Барние қызметінен алынған болатын.
Франсуа Байру, Франция Премьер-Министрі:
- Біздің елде өмір сүру қауіпті деп санайтын миллиондаған француз азаматы бар. Қандай саяси көзқарасты ұстанатынына қарамастан олар қауіпсіздік үшін қатты алаңдаулы. Жік-жікке бөлінген жұрттан осы елдің мәселелерін шешу жолында жұдырықтай жұмылған халыққа айналуымыз үшін мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен мұны үкімет жұмысында айқын көрсетемін деп сенемін.