2024 жылы әлемде 104 журналист қаза тапты

Жартысынан астамы Газа секторында көз жұмған. Тағы 6 адам Ливанда қайтыс болған. Бұл туралы Халықаралық журналистер федерациясы хабарлады. Ұйымның дерегі бойынша Таяу Шығыстан кейін БАҚ өкілдері үшін ең қауіпті аймақ Азия-Тынық мұхиты аймағы саналады. Биыл бұл өңірде 20 журналист бақилық болған. Ал қауіптілігі жағынан үшінші орында тұрған Африкада 8 адам қаза тауыпты.

Жалпы IFJ статистикасы бойынша биылғы көрсеткіш былтырғыға қарағанда біршама төмен. 2023 жылы әлемде 129 журналист көз жұмған.