Түркияда зауытта жарылыс болды
Түркияда жарылғыш заттар шығаратын әскери зауытта жарылыс болып, 12 адам қаза тапты. Тағы 4 кісі жараланды. Төтенше оқиға елдің Балыкесир провинциясындағы Кавакли ауылында тіркелді. Бірақ жарылыстың неден болғаны әлі белгісіз.
Жергілікті Ішкі істер министрлігі диверсия мүмкіндігін жоққа шығарып отыр. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталған. Ақпарға қарағанда, өндіріс ошағында мыңға жуық адам жұмыс істейді.