Түркиядан Сирияға 25 мың босқын оралды
Башар Асад билігі ауысқаннан кейін, демек кейінгі жарты айда Түркиядан 25 мың сириялық босқын отанына оралды. Бұл туралы ресми Анкара хабарлады. Қазір түрік елінде әлі 3 миллиондай Сирия азаматы бар. Көбі – азаматтық соғыстан қашып келгендер.
Сирияда билік ауысқаннан кейін жуырда ел астанасы Дамаскіде ұзақ жылдық үзілістен кейін Түркия елшілігі жұмысын қайта бастады. Енді Сирияның өзге қалаларында да түрік елінің дипломатиялық миссиялары мен бөлімшелері ашылғалы жатыр. Олар отанына оралған босқындарға жәрдемдеседі.