Суданда қаскөйлер $600 млн-ның дәрі-дәрмегін ұрлап әкеткен

Суданда денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс өршіп барады. Оған былтыр көктемде басталған қарулы қақтығыс себеп. Атыс-шабыстан ауруханалардың біразы қираған. Өйткені олар әскери нысандар ретінде қолданылған. Ол аздай, жағдайды пайдаланған қаскөйлер 600 миллион долларға дәрі-дәрмек ұрлап әкетіпті.

Инфрақұрылымнан бөлек, соғыс та дәрігерлерге оңай соқпай отыр. Шабуылдан 60-тан аса медицина қызметкері қайтыс болған. Ал елге қажетті көмек дұрыс жеткізілмей жатыр. Енді Шығыс Африкадағы бұл мемлекеттің денсаулық сақтау саласын қалпына келтіру үшін 5 миллиард доллардай керек. Бірақ қазір қажетті соманың тек 20%-і ғана жиналған.