АҚШ-та қорғаныс саласына рекордтық бюджет бекітілді

Джо Байден АҚШ корғаныс саласының рекордтық бюджетін бекітті. 2025 жылы оған 895 млрд доллар бөлінеді. Жобаға сәйкес мемлекет Үнді, Тынық мұхиты аймағындағы ықпалын күшейтеді.

Қыруар қаржының шамамен 4%-і ядролық қару бағдарламаларына жұмсалады. Сондай-ақ Қытайға қарсы қорғаныс жүйесін нығайтуға көп ақша бөлінеді. Жалпы кейінгі уақытта әлем елдері қорғаныс саласының бюджетін ұлғайтып жатыр. Мысалы былтыр әскери қажеттілік шығындары рекордтық 2,5 трлн долларға жуықтаған. Бұл жаһандық жалпы ішкі өнімнің 2,3%-і.