Иран мен Сирия елшіліктерін қайта ашуы мүмкін
Иран билігі Сирия тарапымен елшіліктерін қайта ашу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.
Желтоқсанның басында көтерілісшілер Дамаскты басып алғаннан кейін қарулы адамдар Иран елшілігінің тас-талқанын шығарған еді. Осыдан кейін Тегеран дипломаттары мен олардың отбасын, сондай-ақ Араб Республикасында жүрген өз азаматтарын эвакуациялаған. Артынша Ирандағы Сирия елшілігі де өз қызметін уақытша тоқтатқан.