Польшада алғашқы әскери дайындық міндетті пәнге айналды

Польша мектептерінде алғашқы әскери дайындық пәні енгізілді. Енді 14-16 жас аралығындағы оқушылар қаруды қолданып, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді.

Сондай-ақ киберқауіпсіздік негіздерін оқиды. Бұл міндетті пән. Сабақ аптасына бір рет өтеді. Әсіресе балалардың табиғат апаты не жол апаты секілді төтенше жағдайларда әрекет етуіне көп көңіл бөлінеді. Билік бұл мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру үшін қажет дейді.