Жапония ауаның ластануымен күресті күшейтіп жатыр

Жапония 2013 жылмен салыстырғанда 2035 жылы ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін 60 %-rt азайтады. Сөйтіп 2050 жылға таман нөлдік көрсеткішке жетуге ниетті.

Күншығыс елінің мұндай шешім қабылдауы бекер емес. Жапония ауаға көмірқышқыл газын ең көп бөлетін 5 мемлекеттің қатарына кірген. Мұнда газ бен көмір көп қолданылады. Былтыр электр энергиясының 60%-і осы қазбалы отындар есебінен өндірілген. Елде күн мен жел энергетикасын дамыту үшін жер жетпейді. Бұл жаңартылатын энергия көздеріне тезірек өтуін тежеп отыр. Ал экологтар жапон билігінің бастамасына күмәнмен қарайды. Олардың есептеуінше, Париж келісімін орындау үшін күншығыс елі 2035 жылға таман көмірқышқыл газының мөлшерін 60 емес, кемі 80%-ке азайту керек.