Газа секторында 1 тәулікте 21 адам қаза тапты
Израильдің Газа секторына жасаған кейінгі шабуылынан 21 адам қаза тапты. Тағы 51 адам ауыр жарақат алған.
Әсіресе Джабалия қаласындағы жағдай қиын. ЦАХАЛ әскері қаладағы 4 қабатты тұрғын үй кешенін қиратып тастады. Қазір үйінді астында адамдардың бар-жоғы анықталып жатыр. Израиль бұл шабуылға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Соққының кесірінен қарапайым тұрғындар жапа шегіп жатыр. Бұған қатысты Палестина билігі Халықаралық қауымдастықтардан жағдайға араласып, пікір білдіруін өтінді.