Аумағы үлкен Үндістанда бірыңғай уақыт белдеуі қолданылады
Үндістан жер аумағы бойынша әлемдегі ең үлкен мемлекеттің бірі болғанына қарамастан елде бірыңғай уақыт белдеуі белгіленген. Ол 1947 жылы тәуелсіздік алған кезден бері қолданылып келеді.
Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай шешімнің бірқатар артықшылығы бар. Атап айтқанда бүкіл ел бойынша үйлестіру жұмыстарын, логистикалық бағыттарды жоспарлауды, өңірлер арасындағы байланыс пен мемлекеттік басқаруды айтарлықтай жеңілдетеді. Ал бұл 1,5 млрд азаматы бар Үндістан үшін аса маңызды. Мемлекеттің қысқы және жазғы уақытқа ауыспайтыны да сондықтан. Үнді елі жер көлемі жағынан әлемде 7-орында. Батысы мен шығысының арасы 3 мың шақырым болады.