Сарапшы: Ұшқыштардың апаттық басқаруға көшуі дұрыс болмады
Әуе саласындағы ресейлік сарапшылар Әзербайжан Эйрлайнс компаниясы ұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді.
"Мәскеу Онлайн" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ресейдің еңбек сіңірген ұшқышы Юрий Сытник құстардың қозғалтқышқа соқтығысуы кезінде ұшқыштардың апаттық басқаруға көшуі сәтсіз шешім болғанын айтады.
ЦИТАТА: Юрий Сытник, Ресей Президенті жанындағы жалпы авиацияны дамыту жөніндегі комиссияның мүшесі
Ұшқыштар апаттық басқаруға көшті, бұл өте тиімсіз және жолаққа бұрылу үшін рульдік басқару жетіспеді. Қозғалтқыштарда ұшақты басқаратын гидросорғылар жұмыс істейді. Егер екі қозғалтқыш та істен шығатын болса ғана апатты қонуға ауысуға болады. Әр әуежайда құстардың тобын 300-400 метр биіктікте жыртқыш сұңқарлардың дыбысы жазылған сигналдар арқылы қорқытатын орнитологиялық қызмет бар.