Ұшақ апатына қатысты тергеуге ресейлік мамандар қатысады
Әзербайжан әуе жолдары компаниясының апатқа ұшыраған ұшағына қатысты тергеуге Ресей де қатысады.
Мәскеудегі меншікті тілшіміз Дана Нұржан бізбен тікелей байланыста. Ресей тарапы осы сағатта бұл апат туралы қандай ақпарат айтуда?
Дана Нұржан, тілші:
- Грозный қаласындағы «Северный» халықаралық әуежайында жедел штаб құрылды. Апатқа ұшыраған Баку-Грозный рейсіндегі жолаушылардың туыстары мен жақындары осында жиналған. Олардың барлығы Ақтаудан келетін хабарды күтуде. Шешенстанда сенім телефоны ашылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарымен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен психологтары жұмыс істеп жатыр. Ал Санкт-Петерборда бүгін ТМД елдерінің бейресми саммиті өтіп жатыр. Белгілі себептермен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев оған қатыспайды - ол еліне оралды. Ұйымдастырушылар ұшақ апатына байланысты мемлекет басшыларының кездесу бағдарламасы өзгермейтінін хабарлады. Дегенмен, саммитке қатысушылар Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін қандай көмек көрсетуге болатынын талқылайды. Владимир Путин Ақтауға Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы жіберілді деп мәлімдеді. Ол зардап шеккендерге көмек көрсету үшін дәрігерлер мен жабдықтарды жеткізу керек. Ұшақ апатының себептерін анықтау үшін тергеуге ресейлік тергеушілер де қатысады. Ресей Тергеу комитеті қазір әуе көлігін пайдалану тәртібін бұзу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады.