Мозамбикте 1500-ден астам тұтқын түрмеден қашып кетті

Мозамбикте Президент сайлауының нәтижесіне қарсы бірнеше айдан бері жалғасып жатқан тәртіпсіздік кезінде 1500-ден астам тұтқын түрмеден қашып кетті.

Ал текетірес кезінде 33 адам қаза тауып, тағы 15 кісі жарақат алған. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. Олардың айтуынша, тәртіпсіздікті пайдаланған тұтқындар қабырғаны бұзып кеткен. Бірақ қашып кеткендердің біразы ұсталды. Ал қазан айынан бері үш айға созылған наразылықта 150-ден астам кісі қаза тапты.

Бернардино Рафаэль, Мозамбик полиция қызметінің бастығы:

- Шерушілер түрме ғимаратына дейін баса көктеп кіріп келді. Олар тұтқындарды босатуды талап етті. Сөйтіп темір тордан 1534  жазасын өтеушіні шығарып, өздерімен бірге алып кетті. Іздеу операциясы кезінде қашып кеткен 150 тұтқын ұсталды.