БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриш Ақтаудағы апатқа байланысты көңіл айтты

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы бас хатшының орынбасары Стефани Тремблей мәлімдеді.

Бас хатшы сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілек білдірді.

ЕО СІ өкілі әлеуметтік желі арқылы көңіл айтты

ЕуроОдақ-тың сыртқы істер жөніндегі өкілі Ануар Эль Ануни де твиттер желісінде қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты. Айтуынша, ол ұшақтың апатқа ұшырағаны туралы қаралы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған.

Ануар Эль Ануни, ЕуроОдақ-тың Сыртқы істер жөніндегі өкілі:

- Біз қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз.