Әзербайжанның бас прокуратурасының қызметкерлері Грозныйға барды

Әзербайжанның бас прокуратурасының қызметкерлері Шешенстан астанасы Грозныйға келді.

Олар ресейлік әріптестерімен бірге Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты тергеу жүргізеді. Прокуратура қызметкерлерінің тағы бір тобы 25 желтоқсанда Ақтауға келгенін бұған дейін айтқан едік. Қазір олар оқиға орнында қазақстандық әріптестерімен бірге жұмыс істеп жатыр. Делегацияға Әзербайжан бас прокурорының орынбасары басшылық етуде.