Кореяда ұшақ қоршауға соқтығысып, 62 адам көз жұмды
Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 62 адам ажал құшты.
Жергілікті "Чеджу Эйр" ((Jeju Air)) компаниясына тиесілі "Boeing-737" Оңтүстік Кореяға Бангкоктан келе жатқан. "Ионхап" агенттігі әуе кемесінде 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болғанын айтады. Полиция мен өрт қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, ұшақ Муан қаласындағы әуежайдың ұшу жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған. Жолаушылар 173-і Оңтүстік Корея, екеуі Таиланд азаматтары екен. Қайғылы оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Апат себебі анықталу үстінде.