Украина мен Әзербайжан президенттері телефон арқылы сөйлесті
Украина президенті Владимир Зеленский Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.
Ол Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Әзербайжан халқына көңіл айтты. Владимир Зеленский ұшқыштар мен борт экипажының кәсібилігі мен ерлігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша тиісті сұрақтарға жауап алу үшін оқиғаға қатысты жіті тергеу жұмыстарын жүргізу қажет. «Фотосуреттер мен бейнероликтерде әуе кемесінің фюзеляжының зақымдануы байқалады. Әсіресе ұшақтың тесілген және майысқан жерлері анық көрінеді», - деді Украина басшысы. Ол бұл жағдайда Әзербайжанға қолдау білдіруге әзір екенін айтып, өзге елдерді де көмек көрсетуге шақырды.