Оңтүстік Кореяда құлаған ұшақта екі адам тірі қалған
Оңтүстік Кореядағы жолаушылар ұшағының апатында құтқарылған 2 адамнан басқасының бәрі ажал құшты.
Қаралы хабарды өрт сөндіру агенттігіне сілтеме жасаған "Ионхап" агенттігі таратқан. Жергілікті "Чеджу Эйр" ((Jeju Air)) компаниясына тиесілі "Boeing-737" Оңтүстік Кореяға Бангкоктан келе жатқан. Әуе кемесінде 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болғанын айтады. Полиция мен өрт қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, ұшақ Муан қаласындағы әуежайдың ұшу жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған. Жолаушылардың 173-і Оңтүстік Корея, екеуі Таиланд азаматтары екен. Қайғылы оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Апат себебі анықталу үстінде. Шассиден ақау шықты деген алдын ала ақпарат бар.