2024 жыл қақтығыс аймақтарындағы балалар үшін ең қиын жылдардың бірі болды
2024 жыл қақтығыс аймақтарындағы балалар үшін тарихтағы ең қиын жылдардың бірі болды.
ЮНЕСКО ағымдағы жылға осындай баға берді. Ұйымның зерттеуіне сәйкес, әлем бойынша бала құқығының бұзылуы, соның ішінде кісі өлтіру, жарақат алу, білімге қол жетімділіктің болмауы мен дұрыс тамақтанбау статистикасы айтарлықтай өскен. Әсіресе Газа, Сирия, Мьянма, Гаити мен Суданда. ЮНЕСКО-ның бағалауы бойынша, 18 жасқа дейінгі 473 миллионнан астам бала бүгінде қақтығыс аймақтарында өмір сүреді. 52 миллионы мектеп бағдарламасы бойынша білім ала алмайды. Бұған қоса вакцина алмаған балалардың шамамен 40 пайызы соғыс аймақтарында тұрады.