Корея Президентінің міндетін атқарушы ұшақ апатының орнына барды

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы, вице-премьер және Қаржы министрі Чхве Сан Мок жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған Муан халықаралық әуежайына барды.

Ол жауапты мекемелерге зардап шеккендерге қатысты толық көмек көрсетуді тапсырып, құрбандардың отбасына барлық қажетті қолдау көрсетіледі деп уәде берді.