Сирия тұрғындары азаматтық соғыс кезінде жоғалған туыстарын жаппай іздей бастады
Сирия астанасы Дамаскідегі «Марже» алаңында азамат соғысы кезінде жоғалып кеткендердің суреті іліне бастады.
Туған-туыстары осылайша жақындары туралы ақпарат арқылы оларды тапқысы келеді. Жүздеген суреттің астына туыстарының ұялы телефон нөмірі қоса жазылған. Араб елінде 2011 жылдан бері 130 мыңнан астам тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Халықаралық қауымдастықтың Бас Ассамблеясы былтыр маусымда жоғалғандардың тағдыры мен қайда екенін анықтау үшін Сирияда із-түзсіз жоғалғандардың тәуелсіз институтын құрған. Сирияның бұрынғы Президенті Башар Асад Үкіметі құлағаннан кейін 3 аптаға жуық уақыт бұрын көтерілісшілер ондаған адамды түрмелерден босатты.