Еуроодақ смартфондардың қуаттағышы үшін бірыңғай стандарт енгізді

Еуроодақ смартфондарды қуаттайтын құралдарға бірыңғай стандарт енгізді.

Бұдан былай смартфондар, планшеттер, фотоаппараттар, бейнекамералар, сағаттар мен басқа гаджеттер тек USB-C портымен сатылуы керек. Басқа қуаттағыш құрылғыларды қолдануға тыйым салынды. Бұл ереже әзірге ноутбуктарға жүрмейді. Жаңа ереже 2026 жылдың сәуірінде күшіне енбек. Еуроодақ бірыңғай стандартты 2009 жылдан бері енгізуге тырысты. Бірақ ортақ келісімге биыл ғана қол жеткізді. Жаңа ережені енгізудегі мақсат электронды қоқысты азайту.