Иран Whatsapp пен Google play-ге салынған тыйымды алып тастады

Иран билігі WhatsApp және Google Play сияқты интернет қосымшаларын пайдалануға салынған шектеуді алып тастады.

Бұл туралы парсы елінің мемлекеттік медиасына сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлаған. Иранда  Facebook, Twitter мен YouTube әлеуметтік желілеріне шектеу енгізілген. Сарапшылар бұл қосымшалар парсы билігіне қарсы наразылық тудыруда кеңінен пайдаланылады деп есептейді. Жергілікті жастар бұдан былай тыйымдар біртіндеп алына бастайды үміттенеді. 

- Қуаныштымын. Әсіресе Google Play-дің пайдасы зор. Ол әлемдегі ең жақсы қосымша. Менің ойымша, енді әлеуметтік желілерге салынған тыйымдар алына бастайды. Бұл бастамасы деп сенемін.