Қытайда жоғары жылдамдықты пойыз таныстырылды

Қытай әлемде ең жылдам жүретін пойыз жасап шығарды. Ол сағатына 450 шақырымға дейін жүйтки алады.

Инновациялық жоба Бейжіңде таныстырылды. Мамандардың айтуынша жоғары жылдамдықты пойыз бұған дейінгі үлгілерінен  әлдеқайда тиімді. Өнімділігі жоғары, үнемді әрі қолайлы. Ең бастысы тежегіш жүйесі мен басқарылуы қауіпсіз. Сонымен қатар интеллектуалды жүйесі мен жолаушыларға жайлылығымен  ерекшеленеді. Көрші мемлекет теміржол көлігінің бұл түрін 2008 жылдан бері кезең-кезеңімен дамытып келеді. Бүгінде қытай  дүниежүзі бойынша жоғары жылдамдықты пойыздар жүретін жолдардың көлемі жағынан бірінші орында тұр. Қазір оның жалпы ұзындығы 46 мың шақырымнан асады. Бұл әлемдегі теміржолдардың 70 пайызы.