Германияда Жаңа жыл қарсаңында шырша ұрлығы көбейді

Германияның ну орманды Бранденбург аумағында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шырша ұрлығы көбейді. 

Полиция қызметкерлері Коттбус қаласының кей көшелерінде тексеріс жүргізіп, заңсыз шырша сатқандарды анықтаған. Тәртіп сақшылары шыршаны рұқсатсыз кескендерді ұстағанымен, базардан ұрлағандарды қолға түсіре алмады. Ұрлық оқиғалары Алманияда шырша бағасы қымбаттаған сәтте арта түсті. Қазір шырша ағашының әр метрі 26 еуроға сатылады.

Бранденбург аймағының Коттбус қаласында мерекелік сауда орындарынан 500-ден асан шырша жоғалды. Полиция тауар иелерінің шақыруымен оқиға орнына келіп, ұрлық болғанын анықтады. Шырша сатушыларға мыңдаған евродан аса шығын келді. Ұрыларды іздеу мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.