Қытайда балық аулау фестивалі басталды
Қытайда қысқы балық аулау фестивалі басталды. Бұл күндері халық мұз қатқан көлдерге шығып жаппай ау тартады.
Балық неғұрлым көп түскен сайын іс-шараға деген қызығушылық арта түседі. Жергілікті жұрт мұны молшылыққа балайды. Маусымның ашылуы кезінде балықшылар биылғы жылдың рекордын орнатты. Олар ауды бір тартқанда 50 тонна балық шығарды. Ауланған балық мұз үстіндегі жәрмеңкеде сатылады. Балықтан түрлі тағамдар әзірленіп сатылады. Бүгінде дәстүрлі іс-шараны қытайлықтар туризм бағытында дамытуға күш салуда. Осының арқасында мыңдаған саяхатшының назарын аударып отыр. Тіпті ұлттық материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген.
Би Чжунбао, турист:
- Фестивальге бірінші рет келуім. Мұншама мол балықты көрген емеспін. Мен шағын балықтар болады деп ойласам, әр шығарылған балықтың салмағы 15 келіден кем емес. Өз көзіммен көрдім. Бұл расында керемет әсер береді.
Чжан Вэньпин, Туристік мұз ауласының жетекшісі:
- Әр аудың ұзындығы 2000 метр. Оны тартып шығаруға бірнеше ат жегіледі. Мұз астындағы тонна-тонна балықты шығаруға кемінде 8 сағаттай уақыт кетеді. Бұл Цзилинь провинциясындағы туризмнің бірегей бағыты. Қазір жергілікті билік мұны дамыту үшін «Қысқы балық аулаудың экономикалық белдеуін» жасақтап жатыр. Көлдегі балық көлемін арттыру үшін ғылыми әдіс қолданылады.