Өзбекстан дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға қамданып жатыр
Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесін толыққанды аяқтауға жақын. Бұл іс келер жылы жүзеге асуы мүмкін.
Көршіміз биыл АҚШ және Қытаймен келіссөздерді қорытындылап, ұйымға мүше тағы 20 мемлекеттің қолдауына ие болды. Енді Өзбекстан әлемдік сауда ережелеріне қарама-қайшы келетін жеңілдіктерді жоюы тиіс. Сонымен қатар нарықта әділ бәсекелестік орнатып, баршаға тең мүмкіндік ұсынуға міндетті. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, көрші мемлекет сауда ұйымына қосылса, алдағы 5-7 жыл ішінде жалпы ішкі өнімін 17 процентке көбейте алады. Яғни экономикалық өсімін жеделдетеді. Жалпы өзбекстандық сарапшылар қалыптасқан жағдайды құп көріп отыр. Олардың айтуынша, әлемдік ұйым талаптары ел ішінде нарықтық экономиканың кең қанат жаюына жол ашады. Естеріңізде болса, біздің ел Дүниежүзілік сауда ұйымына 2015 жылы қосылған болатын.