АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер көз жұмды
АҚШ-тың 39-президенті Джимми Картер 100 жасында дүниеден озды. Кейінгі жылдары ол қатерлі ісіктен емделіп жүрген.
Бірақ былтыр ақпанда ауруханада ем қабылдауын тоқтатып, үйде дәрігерлердің бақылауына көшкен. Джимми Картер 1977-1981 жылдар аралығында АҚШ-ты басқарған. Оның тұсында Панама каналын Панамаға қайтару туралы келісімге қол қойылған. Сондай-ақ Израиль мен Египет арасындағы бітімге жол ашқан Кэмп-Дэвид келісімдері жасалды. Бірақ президенттігі кезінде АҚШ экономикасы рецессияға ұшырап, тұрғындар арасында танымалдығы күрт төмендеген. Ақ үйдің бұрынғы басшысы адам құқықтары үшін күресіп, қоғамдық қызметкен көп айналысқан. Сөйтіп, 2022 жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алған. Джимми Картер АҚШ-тың бұрынғы Президенттерінің ішінде 100-ден асқан ең бірінші адам. Оның қазасына байланысты 9 қаңтар ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.