Сирияда энергия тапшы

Сирияда энергия тапшы. Анадолы агенттігінің мәліметі бойынша елдегі қарулы қақтығыс кесірінен 39 энергетикалық нысанның 15-і қирап қалған. Тағы 10-ы ішінара зақымдалған. Бұдан бөлек электр желілерінің жартысы істен шықты. Соның салдарынан халықты энергиямен қамту 2 мың мегаваттқа дейін төмендеген.

Бұл – ел азаматтарын қуат көзімен толық қамтуға жеткіліксіз. Осыған байланысты сириялықтар күн панельдері мен генераторлар қолдана бастаған. Соған байланысты жанар-жағармай бағасы күрт өсіп кеткен. Мәселені реттеу үшін жаңа билік елдің энергетикалық инфрақұрылымын қалпына келтіру стратегиясын әзірлей бастады. Айта кетейік  Шам елінің солтүстіктегі кей аудандарын жарықпен қазір Түркия қамтамасыз етіп отыр.