Польша Еуроодақ кеңесіне төрағалық ете бастады
Польша 1 қаңтардан Еуропалық Одақ кеңесіне төрағалық ете бастады, деп хабарлайды 24kz.
Былтыр ұйымға Венгрия басшылық еткен еді. Саясаткерлер биылғы мақсат ретінде Еуропаның бәсекеге қабілетін арттыру, қауіпсіздік пен қорғаныстағы ынтымақтастықты күшейту, оның ішінде НАТО-ны нығайтуды атады. Сондай-ақ заңсыз мигранттармен күрес те басты назарда болмақ. Ресми Варшава төрағалығы кезінде заңсыз мигранттарды үшінші елдерге депортациялау идеясын ұстанатынын жеткізді.
Айта кетейік, Еурокеңес төрағалығы әр 6 айда мүше-мемлекеттер арасында ауысып отырады. Бұл міндет жарты жылдан соң Данияға өтеді.