АҚШ-та жүк көлігінің жүргізушісі көшедегі адамдарды таптап өлтірді

АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында жүк көлігінің жүргізушісі көшедегі адамдарды таптап өтті, деп хабарлайды 24kz.

Соның салдарынан 10 адам опат болып, 30-ға жуық азамат жарақат алды. Осыдан кейін күдікті айналасындағыларға оқ жаудырып, ізін суытқан. Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші тұрғындарды әдейі қаққан. Қазір ол іздестіріліп жатыр. Тергеу басталды.

Айта кетейік, шаһар басшысы қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, оны лаңкестік әрекет деп атады.