«Әл-Жазираның» Палестинадағы бөлімшесінің жұмысы тоқтатылды

Қатардың «Әл-Жазира» халықаралық телеарнасының Палестинадағы бөлімшесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Журналистерге Палестинаның ішкі ісіне араласты, араздық тудырды және жалған ақпарат таратты деген айып тағылған.

Телеарна жұмысын бағалау үшін Мәдениет, Ішкі істер және Байланыс министрліктерінен комиссия құрылды. Қатар тарапы Палестина билігінің бұл шешіміне наразылық білдірді. Олар телеарна жұмысын тез арада жандандыруды талап еткен.