Газа секторында сегіз сәби суықтан көз жұмды

Газа секторында сегіз сәби суықтан көз жұмды

Газа секторында кейінгі бірнеше күнде 8 сәби суықтан қайтыс болды.

Барлығы босқындар лагерін паналап жатқан отбасылардың балалары. Мұнда көбі қолдан құрылған шатырда тұрады. Түнде ауа температурасы күрт төмендеп кетеді. Бірақ жылыту құрылғылары жоқ. Көрпе мен жылы киім бәріне жетпей жатыр. Ол аздай, кейінгі күндері жаңбыр басылмай тұр. Содан бір жарым мың шатырды су басқан. Бұл жағдайға ЮНИСЕФ өкілдері алаңдаулы. Олар Израиль әскерилері халықаралық ұйымдардың жіберіп жатқан гуманитарлық көмегін өңірге жеткізуге кедергі келтіріп отыр дейді.

Самира Әл-Ашкар, босқын:

- Біз суықта, аштықта өмір сүріп жатырмыз. Жылы киім, көрпе деген жоқ. Түні бойы жаңбыр жауып, шатырымыздан су өтіп кетеді. Бұған дейін Рафахта тұрдық. Сосын Хан-Юниске көштік. Енді қайда барарымызды білмейміз. Жыл сайын жаңа жылды жақындарымызбен бірге жиналып, дәмді тағамдар әзірлеуші едік. Қазір бәрінен айырылып қалдық.