Қытай америкалық 28 компанияға санкция салды
Қытай АҚШ-тың қорғаныс саласындағы 28 компанияға санкция салды, деп хабарлайды 24kz.
Сөйтіп, сенімсіз ұйымдар қатарына енгізді. Тиісті шараның қабылдануына бұл бірлестіктердің Тайваньға қару-жарақ жеткізуі себеп болған. Ресми Бейжің аралды өзінің ажырамас бір бөлігі санайды. Сондықтан америкалықтардың Тайваньға қару тасымалдауы «біртұтас Қытай» қағидатын бұзатынын айтады. Енді санкция салынған компаниялардың Қытай аумағындағы активтері бұғатталады. Әрі Бейжіңмен кез келген серіктестікке тыйым салынады. Сондай ұйымдардың арасында Boeing компаниясының бөлімшесі саналатын Boeing Defense те бар.