Семейде көлік Ертіс өзеніне батып кетті
Семейде жарыс кезінде автокөлік Ертіс өзеніне батып кетті. Оқиға қаладағы Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында орын алды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша көлік ішінде 4 адам болған. Оның екеуі, яғни қыз бен жігіт көлік ішінен өз күшімен шыққан. Алайда оларды өзен ағысы алып кетті. Қазір екеуінің денесі табылды. Ал көліктегі қалған екі адамды іздеу жалғасып жатыр. Апат жүргізушінің тежегіш педальдары мен газды шатастыруына байланысты болған. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.