Пиротехникалық құралдардан 63 адам зардап шекті
Жаңажылдық мерекеде пиротехникалық құралдарды пайдаланудан 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Жарақаттанғандардың басым бөлігі Алматы қаласы мен Жамбыл облысынан. Қазір 12 адам стационарға жатқызылды. 51 пациент амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Зардап шеккендердің барлығында көз жарақаттары, көздің мөлдір қабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Бір пациент ішперде қабырғасының жарақатын алды, жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдап жатыр. Барлық зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіледі.