Мексикадан шыққан мигранттар керуені АҚШ-қа таяп қалды
Мыңдаған мигрант Мексикадан АҚШ шекарасына қарай бағыт алды.
Олардың дені әйелдер мен балалар. Рейтер агенттігі осылай деп хабарлады. Олардың айтуынша, босқындар көші Мексиканың солтүстік шекарасынан басталған. Полиция мен Ұлттық гвардия олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мигранттар АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскенге дейін шекарадан өтуге ниетті. Жаңа президент таққа отырса, Америкаға өту шектеле ме деп қауіптенеді. Бұған дейін Трамп заңсыз көші-қонға қарсы жарлыққа қол қоятынын мәлімдеген еді. Бастама іске асса, шамамен 20 млн босқын Америкадан қуылуы мүмкін.