Лас-Вегаста Tesla көлігін жарған күдіктінің жеке басы анықталды
Лас-Вегас полициясы Tesla-ға тиесілі кибер жүк көлігін жарды деген күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 37 жастағы АҚШ-тың әскери қызметкері Мэттью Ливельсбергер. Колорадо штатының тұрғыны. Жергілікті Denver 7 телеарнасы осылай деп хабарлады.
Олардың айтуынша, күдікті АҚШ армиясының «Жасыл береттер» арнайы күштерінде қызмет еткен. Ол жұмыс істеген бөлімше шетелдегі терроризмге қарсы күреспен айналысады. Алдын ала болжам бойынша Ливельсбергер жарылыс алдында өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Полиция тергеу барысында оның басында оқ жарақаты барын анықтаған.
Бір күн бұрын Дональд Трампқа тиесілі қонақ үйдің жанында Сайбер-Трак жүк көлігі жарылып, 1 адам қаза тапты. Тағы 7 кісі зардап шекті.