Атырауда апатты үйлердің 265 тұрғыны жаңа баспана алды

Атырау облысында апатты деп танылған көпқабатты 24 үйдің тұрғындары жаңа қонысқа көшірілді.

Өткен ғасырдың 50-70 жылдары салынған құрылыстар шөгіп, адам тұра алмайтын жағдайға жеткен. Әсіресе, облыс орталығы мен Доссор, Индербор кентінде жүздеген отбасы осындай үйлерді паналап отыр. Жергілікті билік арнайы жол картасын әзірлеп, алты миллиардтан астам теңге бөлген. Қаражатқа биыл 265 пәтер алынып, апатты үйлердің тұрғындарына берілді.

 Жантас Оспан, Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Атырау қаласында 10 үй, Индер ауданында 8, Махамбет ауданында 3 үй, Мақат ауданында 2 үй Құрманғазы ауданында 1 үй. Жалпы Атырау облысында 200-ге жуық үй апатты деп танылды. «Жол картасына» сәйкес жұмыстар онан әрі жалғастырылатын болады.