Reuters: ХАМАС босатуға тиіс 34 тұтқынның тізімін бекітті
ХАМАС Израильден кепілге алған 34 тұтқынды босатуы мүмкін, деп хабарлайды 24kz.
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша тізім бекітілген. Егер екі тарап келісімге келсе, ХАМАС еврейлерді босатуға уәде беріп отыр. Қазір Қатар астанасы Дохада Газа секторындағы атысты тоқтату бойынша келіссөздер қайта басталды. Қақтығысушы кезекті «Бейбіт» келісім жобасы Газа секторындағы атысты толығымен тоқтатуды, әскери күштерді аймақтан шығаруды және кепілдегі тұтқындарды үйлеріне қайтаруды көздейді. Жалпы келіссөздер Қатар мен Египеттің ара ағайындық етуімен былтыр мамырда басталған болатын. Алайда, әзірге нәтиже жоқ.